«Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 25 қазандағы № 722 Бұйрығы (күші жойылды)

Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 25 қазандағы № 722 Бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 133 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге арналатын шығындар нормативтері бекітілсін.

2. Ақпараттың технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова):

1) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) оны тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

С. Сарсенов

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2012 жылғы 25 қазандағы

№ 722 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге жұмсалатын шығындардың

нормативтері

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ақпараттық жүйелерді құруға, дамытуға және сүйемелдеуге жұмсалатын шығындардың нормативтері (бұдан әрі - Шығын нормативтері) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.